2 күн бұрын
Елена Рыбакина бастаған Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогында бақ сынайды
Фото:ҚТФ
Билли Джин Кинг кубогының биылғы финалдық кезеңі 22-27 қыркүйек күндері Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center Arena кешенінде өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы жарыста әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Қазақстан намысын турнирде Елена Рыбакина, Анна Данилина, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Соня Жиенбаева қорғайды. Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орында болса, Данилина жұптық сында 6-сатыда тұр. Путинцева WTA рейтингінде 81-орында, Құламбаева жұптық сында 115-орында, ал Жиенбаева 735-сатыда орналасқан. Команда капитаны – Юрий Щукин.
Әлемдік рейтингте 7-орында тұрған Қазақстан құрамасы жарысты бірден ширек финалдан бастайды. Отандастарымыз 23 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 14:00-де рейтингтің 4-сатысындағы Испаниямен кездеседі.
Кездесу барысында екі жекелей және бір жұптық матч ойналады.
Финалдық кезеңнің ойын кестесі (Астана уақыты):
22 қыркүйек
• Чехия – Ұлыбритания, 14:00, ширек финал
23 қыркүйек
• Қазақстан – Испания, 14:00, ширек финал
24 қыркүйек
• Украина – Бельгия, 07:00, ширек финал
• Қытай – Италия, 14:00-ден ерте емес, ширек финал
25 қыркүйек
• Бірінші жартылай финал, 14:00
• Чехия/Ұлыбритания – Қазақстан/Испания жеңімпазы
26 қыркүйек
• Екінші жартылай финал, 14:00
• Украина/Бельгия – Қытай/Италия жеңімпазы
27 қыркүйек
• Финал, 14:00
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы финалдық кезеңге сәуір айында жолдама алған. Сол кезде өз алаңында Канаданы 3:1 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге өткен еді.
Біздің серіктес: Sport12kz