Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстандық үш теннисші Astana Asu Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық үш теннисші Astana Asu Open турнирінің жартылай финалына шықты

Фото:ҚТФ

Астанада өтіп жатқан World Tennis Tour M15/W15 Asu Open халықаралық турнирінде Қазақстанның үш теннисшісі жартылай финалға жолдама алды.

Ерлер арасындағы жарыста Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай үздік төрттікке енді. Нұрланұлы ширек финалда израильдік Дэн Брандты 6:7, 6:4, 6:1 есебімен жеңсе, Жалғасбай отандасы Әмір Омархановтан 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.

Әйелдер арасында Ева Корышева ширек финалда Инкар Дүйсебайды 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.

Қазақстандық үш теннисші де финалға шығу үшін ресейлік қарсыластарына қарсы ойнайды. Жартылай финалдық ойындар 1 тамызда Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz