2 күн бұрын
Мемфистегі WTA 250 турнирінің жартылай финал жұптары анықталды
АҚШ-тың Мемфис қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жекелей сындағы жартылай финалға шыққан теннисшілер белгілі болды.
Финал жолдамасы үшін ресейлік Кристина Лютова америкалық Эльвина Калиевамен кездеседі. Ал екінші жартылай финалда чехиялық Дарья Видманова мексикалық Рената Сарасуамен кортқа шығады.
Мемфистегі WTA 250 турнирі 27 шілде мен 2 тамыз аралығында өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 283 мың АҚШ долларын құрайды.
Айта кетейік, Мемфис турнирі WTA күнтізбесіне шамамен 15 жылдан кейін алғаш рет қайта оралып, бұған дейін Кливлендте (Огайо штаты) өткен турнирдің орнын басты.
Біздің серіктес: Sport12kz