5 сағат бұрын
Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде чемпион атанды
Фото:ҚТФ
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Гран-Канария аралында өткен ITF W100 санатындағы турнирдің жұптық бәсекесінде жеңіске жетті.
Құламбаева чехиялық Анна Шишковамен бірге сынға түсті. Екінші нөмірлі жұп финалда чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиза Заарды 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды.
ITF W100 Gran Canaria-Maspalomas турнирі 27 шілде мен 2 тамыз аралығында ашық топырақ корттарда өтті. Жарыстың жүлде қоры 100 мың долларды құрады.
Біздің серіктес: Sport12kz