Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі жаңа орындары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі жаңа орындары белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей сындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 8056 ұпаймен әлемдік рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды. Көш басында Беларусь өкілі Арина Соболенко (8550 ұпай) тұр. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула (6625) түйіндейді.

Ал Юлия Путинцева рейтингте төмендеп, 82-орынға жайғасты.

Қазақстандық өзге теннисшілердің көрсеткіші:

  • Жібек Құламбаева – 476-орын;
  • Аружан Сағындықова – 630-орын;
  • Соня Жиенбаева – 738-орын;
  • Асылжан Арыстанбекова – 946-орын.

Осы аптада Рыбакина мен Путинцева Торонтода өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге қатысады. Путинцева алғашқы айналымда қытайлық Шуай Чжанмен кездессе, Рыбакина жарысты екінші кезеңнен бастап, Ван Синьюй (Қытай) мен Дарья Касаткинаның (Аустралия) матчындағы жеңімпазбен ойнайды.



Біздің серіктес: Sport12kz