Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Бублик US Open турнирінде теннис аңызымен жұптасады

Бублик US Open турнирінде теннис аңызымен жұптасады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open-2026 турнирінің аралас жұптар сайысында өнер көрсетеді.

Қазақстандық теннисшінің жұбы америкалық аңыз теннисші, Үлкен дулыға турнирлерінің жеті дүркін чемпионы Винус Уильямс болмақ. Бұл дуэт жарыс ұйымдастырушылары жариялаған жаңартылған қатысушылар тізіміне енді.

Винус Уильямс жекелей сында жеті мәрте Үлкен дулыға жеңімпазы атанса, жұптық сында сіңлісі Серена Уильямспен бірге 14 чемпиондық атақты жеңіп алған.

Осылайша, Александр Бублик теннис тарихындағы ең атақты спортшылардың бірімен бір командада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

US Open-2026 турнирінің аралас жұптар бәсекесі 25–26 тамызда Нью-Йоркте өтеді. Ұйымдастырушылар қатысушылардың соңғы тізімі әлі де өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді.



Біздің серіктес: Sport12kz