Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Елена Рыбакина Канададағы турнирде үшінші айналымға шықты

Елена Рыбакина Канададағы турнирде үшінші айналымға шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші әлемнің 61-ракеткасы, Австралия өкілі Дарья Касаткинамен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Кездесу 2 сағат 35 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Елена 15 эйс жасап, 16 қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 31-орында тұрған америкалық Энн Лимен кездеседі. Бұл матч 7 тамыз күні өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz