1 сағат бұрын
Елена Рыбакина бүгін үшінші айналымда ойнайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында америкалық Энн Лиге қарсы ойнайды.
Кездесу 7 тамыз күні сағат 21:30-да Қазақстан уақытымен басталады. Матчтың тікелей трансляциясы көрсетіледі.
Еске салайық, Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, алғашқы кездесуінде аустралиялық Дарья Касаткинаны үш сетте 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Ал Энн Ли екінші айналымда канадалық Кайла Кроссты 7:6, 6:3 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, биылғы Canadian Open турнирінің жүлде қоры 7,43 миллион АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 1 085 220 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: Sport12kz