Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 0:1 Аяқталды Левски Левски Лига Чемпионов АФК Футбол Пахтакор Пахтакор 3:0 Аяқталды Аль Хуссейн Аль Хуссейн Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 4:0 Аяқталды Орхус Орхус Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 3:2 Қос. уақытта Юнион Юнион Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 2:1 Қос. уақытта Ларн Ларн Вторая лига Болгарии Футбол Янтра Янтра 3:2 Аяқталды Монтана Монтана 23 жасқа дейінгі ойыншылар чемпионаты Футбол Спортинг U23 Спортинг U23 1:1 Аяқталды Лейрия U23 Лейрия U23 Чемпиондар лигасы Футбол Кауно Кауно 1:2 Аяқталды Динамо Динамо Конференциялар лигасы Футбол Аполлон Аполлон 2:4 Қос. уақытта Бранн Бранн Суперэттан Футбол Хельсингборг Хельсингборг 1:2 Аяқталды Вернаму Вернаму Чемпиондар лигасы Футбол НЕК НЕК 2:1 Қос. уақытта Олимпиакос Олимпиакос Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА ЦСКА 1:2 Қос. уақытта Панатинаикос Панатинаикос Чемпиондар лигасы Футбол Црвена Звезда Црвена Звезда 0:2 Аяқталды Хапоэль Хапоэль Чемпиондар лигасы Футбол Целе Целе 2:0 Аяқталды Арарат Арарат Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 2:0 Аяқталды Мьельбю Мьельбю Чемпиондар лигасы Футбол Штурм Штурм 0:1 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Чемпиондар лигасы Футбол Лион Лион 3:0 Аяқталды Спарта Спарта Конференциялар лигасы Футбол Копенгаген Копенгаген 21:00 Бүгін Дебрецен Дебрецен Конференциялар лигасы Футбол Рапид Вена Рапид Вена 21:00 Бүгін Пайде Пайде Конференциялар лигасы Футбол Катовице Катовице 21:00 Бүгін Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив

8 сағат бұрын

Бейбіт Жұқаев Астанадағы турнирде «қазақстандық дербиде» жеңіске жетті

Бейбіт Жұқаев Астанадағы турнирде «қазақстандық дербиде» жеңіске жетті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанада дәстүрлі «Президент Кубогы» аясында өтіп жатқан ATP Challenger 50 санатындағы халықаралық турнирдің негізгі кезеңі басталды. Жарыс Ұлттық теннис орталығы Beeline Arena корттарында өтуде, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бірінші айналымның басты кездесулерінің бірінде Қазақстанның екі өкілі — ұйымдастырушылардан wild card алған Әмір Омарханов пен жарақатына байланысты ұзақ үзілістен кейін жарыстарға қайта оралған Бейбіт Жұқаев өзара кездесті.

1 сағат 25 минутқа созылған матч Жұқаевтың екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:4, 6:4. Кездесу барысында Бейбіт бес эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Омарханов төрт рет допты ойынға тікелей ұпаймен қосып, тоғыз қос қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.

Екінші айналымда Жұқаев ATP рейтингінде 299-орында тұрған Түркия өкілі Мерт Алкаямен кездеседі. Матч 12 тамызда өтеді.

Турнирдегі алғашқы кездесуін қазақстандық Зангар Нұрланұлы да өткізді. Бірінші айналымда ол әлемдік рейтингте 326-орында тұрған Қытай өкілі Фацзин Суньмен сынға түсті. Алғашқы сетте жеңілген қазақстандық теннисші екінші партияда есепті теңестіргенімен, шешуші сетте қарсыласы басым түсті — 6:2, 3:6, 6:2.

12 тамызда Қазақстан өкілдері жұптық сында да жарысты жалғастырады. Әмір Омарханов Даниял Рахметуллаевпен бірге өнер көрсетсе, Григорий Ломакин Петр Бар-Бирюковпен жұп құрады.

Астанадағы ATP Challenger 50 турнирі 16 тамызға дейін жалғасады.

Еске салсақ, польшалық теннисші Ига Швентек Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.


Біздің серіктес: Sport12kz