3 күн бұрын
Рыбакина Торонто турнирінде жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Әлемнің екінші ракеткасы ширек финалда Жапония өкілі Наоми Осакамен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 4:6, 7:6, 6:4.
Осылайша, Рыбакина матч барысында бір сет ұтылып, кейін таразы басын өз пайдасына аударып, турнирдің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы — әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған америкалық Кори Гауфф.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін Торонто турнирінде Австралия өкілі Дарья Касаткинадан, америкалық Энн Лиден және ресейлік Людмила Самсоновадан басым түскен.
Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 085 220 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz