2 күн бұрын
Шевченко Цинциннатиде іріктеу кезеңінен аса алмады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан ATP турнирінің іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта жеңіліп қалды.
Әлемдік рейтингте 89-орында тұрған Шевченко іріктеудің финалында Аустралия өкілі, ATP рейтингінде 133-сатыда тұрған Кристофер О’Коннеллмен кездесті.
Қазақстандық теннисші екі сетте де қарсыласына есе жіберіп, 4:6, 1:6 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды.
Осы нәтижеден кейін Шевченко Цинциннати турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады.
Айта кетейік, турнир 13-23 тамыз аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаз 1 151 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады. Қазіргі чемпион — испаниялық Карлос Алькарас.
Біздің серіктес: Sport12kz