2 күн бұрын
Рыбакина Торонто финалында Швентекпен кездеседі
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Польша өкілі Ига Швентек Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалында кездеседі.
Финал 14 тамызда өтеді. Қазіргі жоспар бойынша матч Қазақстан уақытымен 03:00-де басталады.
Жартылай финалда Рыбакина америкалық Кори Гауффты 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңсе, Швентек украиналық Элина Свитолинаны 6:3, 1:6, 6:3 есебімен ұтты.
Торонтодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Чемпион атанған теннисші 1 085 220 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz