21 сағат бұрын
Елена Рыбакина Торонто финалында Ига Швентекке есе жіберді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы Canadian Open-2026 турнирінің финалында өнер көрсетті.
Шешуші кездесуде Рыбакина әлемнің 8-ракеткасы польшалық Ига Швентекпен кездесіп, екі сетте де жеңіліп қалды — 2:6, 3:6.
Осылайша, Швентек Canadian Open-2026 турнирінің чемпионы атанды. Ал Рыбакина маусымдағы үшінші титулын жеңіп ала алмады.
Қазақстандық теннисші бұған дейін 2026 жылы Australian Open және Штутгарттағы турнирде чемпион атанған.
Торонто турнирінде Рыбакина финалға дейін Дарья Касаткина, Энн Ли, Людмила Самсонова, Наоми Осака және Кори Гауффты жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz