21 сағат бұрын
Елена Рыбакина финалдағы жеңілістен кейін пікір білдірді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто қаласында өткен Canadian Open-2026 турнирінің финалында Ига Швентекке есе жібергеннен кейін пікір білдірді.
Рыбакина финалда бар күшін салғанын, алайда бұл жеңіске жетуге жеткіліксіз болғанын айтты. Сондай-ақ қазақстандық спортшы қарсыласын және оның командасын жеңісімен құттықтап, жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Қазір сөз табу қиын… Бар күшімді салдым, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Ига мен оның командасын керемет турнирмен құттықтаймын. Керемет атмосфера сыйлаған барлық жанкүйерлерге рақмет. Келесі жолы мұнда қайта ораламын деп үміттенемін! Командама да алғыс айтамын. Сендерсіз финалға дейін жету мүмкін болмас еді. Біз жұмысымызды жалғастырып, алға жылжи береміз», — деді Рыбакина.
Canadian Open-2026 финалында қазақстандық теннисші Швентекке 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.
Біздің серіктес: Sport12kz