22 сағат бұрын
Анна Данилина Цинциннатиде сенімді жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі жұптық сында жеңіспен бастады.
Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге америкалық Энн Ли мен даниялық Клара Таусоннан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды.
Осы жеңістен кейін Данилина мен Крунич турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Келесі қарсыластары басқа жұптардың нәтижесіне қарай анықталады.
Біздің серіктес: Sport12kz