20 сағат бұрын

Соня Жиенбаева әлемдік рейтингте керемет серпіліс жасады

Соня Жиенбаева әлемдік рейтингте керемет серпіліс жасады

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы сәтті өнерінен кейін WTA әлемдік рейтингінде үлкен серпіліс жасады.

Өткен аптада Жиенбаева Виго қаласында өткен ITF W35 турнирінде чемпион атанса, бұған дейін Оренседегі жарыста да жеңімпаз болған.

Жаңартылған WTA рейтингінде қазақстандық спортшы бірден 284 сатыға көтеріліп, 454-орынға жайғасты.

Сонымен қатар Жібек Құламбаева да рейтингте 12 позицияға жоғарылап, 464-орынға көтерілді.

20 жастағы Соня Жиенбаева Қазақстанның жекелей сындағы үшінші ракеткасы. Оның алдында Елена Рыбакина (2-орын) және Юлия Путинцева (81-орын) тұр.



Біздің серіктес: Sport12kz