6 сағат бұрын

Рыбакина чемпиондар жарысында бірінші орынға қайта шықты

Рыбакина чемпиондар жарысында бірінші орынға қайта шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның чемпиондық жарысында бірінші орынға қайта көтерілді.

Торонто турнирінің финалына дейін жеткен Рыбакина рейтингін 5277 ұпайға жеткізіп, бірден екі саты жоғарылады. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко — 5065 ұпай, үшінші орында ресейлік Мирра Андреева — 5064 ұпай.

Toronto-дағы Canadian Open-2026 турнирінде чемпион атанған Ига Швёнтек екі саты жоғарылап, 2954 ұпаймен оныншы орынға жайғасты.

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева бір позиция төмендеп, 760 ұпаймен 57-орында тұр.



Біздің серіктес: Sport12kz