12 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарлады
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияда өткен екі жарыста қатарынан жеңіске жетіп, WTA рейтингінде бірден 284 орынға жоғарылады.
Соня алдымен Оренседе өткен W75 санатындағы турнирде чемпион атанды. Артынша Виго қаласында ұйымдастырылған W35 жарысында да барлық қарсыласынан басым түсіп, бас жүлдені иеленді.
Осы екі жеңістен кейін қазақстандық спортшының рейтингтегі көрсеткіші де айтарлықтай өзгерді. Соня Жиенбаева 738-орыннан 454-сатыға көтерілді.
Бұл нәтиже оған Қазақстанның әйелдер арасындағы үшінші ракеткасы атануға мүмкіндік берді. Елдің үздік теннисшілері қатарында Елена Рыбакина (2-орын) мен Юлия Путинцева (81-орын) тұр.
Соня рейтингте Жібек Құламбаеваны (464) және Аружан Сағындықованы (625) басып озды.
Осылайша, 20 жастағы теннисші соңғы екі аптадағы сәтті өнерінің арқасында әлемдік рейтингте алғашқы 500-дікке кірді.
Біздің серіктес: Sport12kz