3 күн бұрын
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде екінші жеңісіне жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде жеңіс жолын жалғастырды.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина үшінші айналымда Польшаның өкілі Магдалена Френхпен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңді.
Осылайша қазақстандық теннисші турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Рыбакина Cincinnati Open-2026 жарысын америкалық Тейлор Таунсендті 6:3, 6:4 есебімен жеңуден бастаған болатын.
Қазақстандық теннисші турнирде екінші нөмірлі спортшы ретінде сынға түсіп жатыр және жарыстың басты фавориттерінің бірі саналады.
Біздің серіктес: Sport12kz