7 сағат бұрын
Рыбакинаның Цинциннатидегі келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалындағы қарсыласы анықталды.
Ол ресейлік Диана Шнайдер болады. Шнайдер 1/16 финалда Польша өкілі Майя Хвалинсканы екі сетте — 6:2, 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 18 минутқа созылды.
Осылайша Хвалинска турнирдегі жолын аяқтады, ал Шнайдер ширек финалға шығу үшін Рыбакинамен кездеседі. Олардың матчы 19 тамызға жоспарланған.
Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жекелей сынында жеңімпаз 1 086 220 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz