21 сағат бұрын
Елена Рыбакина Цинциннатиде қатарынан үшінші жеңісіне жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Әлемнің екінші ракеткасы 1/8 финалда ресейлік Диана Шнайдермен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Рыбакина турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін қазақстандық теннисші америкалық Тейлор Таунсенд пен польшалық Магдалена Френхтен басым түскен еді.
Айта кетейік, биылғы Cincinnati Open турнирінің жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Жекелей сындағы жеңімпаз 1 086 220 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz