3 күн бұрын

Рыбакина — Швентек матчы күтпеген жерден тоқтатылды

Рыбакина — Швентек матчы күтпеген жерден тоқтатылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі өнерін ширек финалда аяқтады.

Әлемнің екінші ракеткасы ширек финалда польшалық Ига Швентекпен кездесіп, бірінші сетте 1:4 есебімен ұтылып жатқан кезде жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.

Бұл Рыбакинаның Швентекке сегіз күн ішіндегі екінші жеңілісі болды. 13 тамызда теннисшілер Торонто WTA 1000 турнирінің финалында кездесіп, онда Швентек 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Цинциннатидегі турнирге дейін Рыбакина Тэйлор Таунсендті, Магдалена Френхті және Диана Шнайдерді жеңген болатын.



Біздің серіктес: Sport12kz