Матч орталығы
Бірінші лига Футбол Тұран Тұран 0:3 90+1 Қайрат Ж Қайрат Ж Жолдастық кездесулер, клубтар Хоккей Ред Булл Ред Булл 22:30 Бүгін Зальцбург Зальцбург Премьер-Лига Футбол Сараево Сараево 23:00 Бүгін БСК Баня-Лука БСК Баня-Лука Про-Лига Футбол Аль-Кадисия Аль-Кадисия 23:00 Бүгін Аль Иттихад Аль Иттихад Серия Б Футбол Виченца Виченца 23:30 Бүгін Катанзаро Катанзаро Бірінші лига Футбол Фатих Карагюмрюк Фатих Карагюмрюк 23:30 Бүгін Бурсаспор Бурсаспор Суперлига Футбол Эрзурумспор Эрзурумспор 23:30 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Марсель Марсель 23:45 Бүгін Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Бетис Бетис 00:00 Ертең Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Ертең Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Ертең Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Ертең Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Ертең Кристал Пэлас Кристал Пэлас Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 20:00 Ертең Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 21:30 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 22:30 Ертең Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 23:15 Ертең Спартак Варна Спартак Варна Суперкубок Германии Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Ертең Бавария Бавария Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 23:30 Ертең Базель Базель Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 23:45 Ертең Брест Брест

5 сағат бұрын

Теннисші Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жартылай финалға шықты

Теннисші Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінде жұптық сында жартылай финалға жолдама алды.

Жібек Құламбаева жарыста румыниялық Ирина Барамен жұп құрып өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда олар Елена Руксандра Бертеа мен Ксения Зайцеваға қарсы кортқа шықты.

Қазақстандық-румиялық дуэт кездесуді сәтті өткізіп, қарсыластарын екі сетте де 6:2 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.

Енді финалға берілер жолдама үшін Жібек Құламбаева мен Бара Варвара Паншина – Рада Золотарёва және Шуо Фэн – Зонгу Ли жұптарының арасындағы ширек финал жеңімпазымен кездеседі.

Жібек Құламбаеваның жұптық сында WTA деңгейіндегі тәжірибесі де бар. Ол бұған дейін WTA турнирінің финалына шығып, WTA 125 санатындағы жарыста чемпион атанған.

Ал ITF жарыстарында қазақстандық теннисшінің еншісінде 46 титул бар. Оның жетеуі жекелей сында жеңіп алынған.

Айта кетейік, осы айда Жібек Құламбаева чехиялық Анна Шишковамен бірге Испанияда өткен ITF W100 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанған еді.


Біздің серіктес: Sport12kz