4 сағат бұрын
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінен қанша табыс тапқаны белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен WTA 1000 жарысында ширек финалға дейін жетіп, 154 210 доллар көлемінде сыйақы алды.
Әлемнің екінші ракеткасы турнирде екінші нөмірмен өнер көрсетті. Ширек финалда Елена Рыбакина польшалық Ига Швёнтекке қарсы ойнады. Алайда есеп 4:1 болғанда қазақстандық теннисші жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
Ал Елена Рыбакина ширек финалға жеткені үшін 215 рейтингтік ұпай еншіледі. Сондай-ақ Цинциннати турнирінің жеңімпазына 1 086 220 доллар ақшалай жүлде және 1000 рейтингтік ұпай беріледі.
Елена Рыбакина мен Ига Швёнтек соңғы екі турнирде қатарынан кездесті. Бұған дейін олар Торонтодағы жарыстың финалында жолығып, онда да польшалық теннисші басым түскен.
Цинциннатидегі кездесуден кейін Елена Рыбакина сол аяғындағы ауырсынуға байланысты жүрудің қиындағанын айтты. Теннисшінің жарақаты қаншалықты ауыр екені МРТ тексеруінен кейін белгілі болады.
Біздің серіктес: Sport12kz