1 күн бұрын

Юлия Путинцева Монтеррей турнирінің іріктеу финалына шықты

Юлия Путинцева Монтеррей турнирінің іріктеу финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Әлемдік рейтингте 81-орында тұрған Путинцева іріктеудің жартылай финалында мексикалық Виктория Родригеспен (433-орын) кездесіп, оны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Негізгі кезеңге өту үшін қазақстандық теннисші Майя Джойнт (Аустралия, 67-орын) пен Джессика Инохоса Гомес (Мексика, 744-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Монтеррейдегі биылғы турнирдің жүлде қоры 1 206 446 долларды құрайды. Қазіргі чемпион — ресейлік теннисші Диана Шнайдер.



Біздің серіктес: Sport12kz