23 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші Тайбэйдегі финалда жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Тайбэйдегі финалда жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин эстондық Кристиан Тамммен жұп құрып, Тайбэйде өткен ITF M25 турнирінің жұптық сайысында финалға шықты.

Шешуші кездесуде Ломакин мен Тамм жапониялық Тайсэй Итикавa мен Масамити Имамураға қарсы ойнап, екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Ломакин биылғы маусымдағы үшінші титулына қол жеткізе алмады.

Еске салайық, қазақстандық теннисші осы жылы жұптық разрядта екі турнирде жеңімпаз атанды. Қаңтар айында Үндістанның Хайдарабад қаласында өткен M15 турнирінде Ишаке Экбалмен бірге топ жарса, маусымда Қытайдың Мааньшань қаласындағы M15 жарысында австралиялық Джошуа Чарльтонмен жұптасып жеңіске жеткен еді.



Біздің серіктес: Sport12kz