3 күн бұрын
Соня Жиенбаева WTA рейтингінде тағы да жоғарылады
Қазақстанның үшінші ракеткасы Соня Жиенбаева WTA рейтингінде айтарлықтай өсім көрсетті.
Жаңартылған рейтингте қазақстандық теннисші бірден 70 сатыға көтеріліп, 384-орынға жайғасты. Айта кетейік, бұған дейінгі рейтинг жаңартуында Жиенбаева бірден 284 позицияға жоғарылаған болатын.
Қазақстанның тағы бір теннисшісі Жібек Құламбаева сегіз саты төмендеп, 472-орынға түсті. Ал Аружан Сағандықова 27 позицияға төмендеп, 652-орынды иеленді.
Қазақстанның ең үздік теннисшісі болып Елена Рыбакина қала берді. Ол WTA рейтингінде Беларусь өкілі Арина Соболенконан кейін екінші орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz