Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

08.08.2023

Александр Бублик Канададағы мастерс турнирінде ұтылып қалды

Александр Бублик Канададағы мастерс турнирінде ұтылып қалды

 Қазақстанның бірінші, әлемнің 28-ракеткасы Александр Бублик Торонто (Канада) мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 17-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен кездесті.

Поляк теннисшісі 6:3, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Бублик 10 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 7 эйс, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

А. Бублик жүлде қоры 6,6 млн АҚШ долларына бағаланған жарыстың жұптық сынында да өнер көрсетеді. Ол франциялық Адриан Маннариномен бірге алғашқы айналымда франциялық Фабрис Мартен – германиялық Андреас Мьеспен шеберлік байқасады.

Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилинаның Монреаль мастерс додасындағы қадамы сәтсіз болды. Ол америкалық Бетани Маттек-Сандспен бірге чехиялықтар Каролина Мухова – Маркета Вондроушоваға жол берді – 6:0, 4:6, 4:10.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан