2 күн бұрын
Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
Алматыда 1-6 қыркүйек аралығында үстел теннисінен WTT Contender Almaty 2026 халықаралық турнирі өтеді.
Жарыс биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Турнирдің жүлде қоры — 100 мың АҚШ доллары.
Биылғы додаға әлемнің 19 елінен 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Германия, Қытайлық Тайбэй, Жапония, Корея Республикасы, Үндістан, Испания, Италия, Франция, Швеция, Нидерланд, Мексика, Өзбекстан және Қазақстан құрамасының өкілдері бар.
Алматыдағы бәсекеге әлемдік деңгейдегі бірқатар спортшы қатысады. Олардың арасында Олимпиада ойындарының жекелей сындағы екі дүркін қола жүлдегері Дмитрий Овчаров (Германия), жұптық сында әлем чемпионы Шунсукэ Тогами (Жапония), командалық жарыста Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Хина Хаята (Жапония) және Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы Кирилл Герасименко (Қазақстан) бар.
Турнирдің тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан және World Table Tennis ұйымының ресми YouTube арнасынан көруге болады.
Біздің серіктес: Sport12kz