1 күн бұрын
Анна Данилина Мексикадағы турнирде ширек финалға шықты
Қазақстанның жұптық разрядтағы үздік теннисшісі Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Данилина жапониялық Мию Като дуэтімен 1/8 финалда қытайлық Чань И Тан мен мексикалық Рената Сарасуаның жұбына қарсы ойнады. Қазақстандық-жапониялық дуэт алғашқы сетте 4:6 есебімен жеңілгенімен, кейін таразы басын өзгертіп, екінші партияда 6:2, ал шешуші тай-брейкте 10:6 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.
Осылайша Данилина мен Като турнирдің ширек финалына өтті. Енді олар ресейлік Мария Козырева мен Ұлыбритания өкілі Майя Ламсденге қарсы ойнайды.
Ширек финалдық кездесу 27 тамызда, Қазақстан уақытымен 04:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz