2 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирден шығып қалды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесінде өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ширек финалда Данилина жапониялық Мию Катомен бірге ресейлік Мария Козырева мен британдық Майя Люмсден жұбына қарсы ойнады. Тартысты кездесу үш сетке созылып, қазақстандық-жапониялық дуэт 3:6, 7:6 (8:6), 3:10 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 31 минутқа созылды.
Осылайша Данилина мен Като турнирден шығып қалды. Ал Козырева мен Люмсден жартылай финалға жолдама алып, онда норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Куинн Глисон жұбына қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz