3 күн бұрын
Жания Бекмұхамбетова WTT турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасының үстел теннисінен спортшысы Жания Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық спортшы U-13 жас санатында екінші орын алды.
Жарыс барысында Жания Бекмұхамбетова словениялық Эма Калужаны, хорватиялық Зита Петровичті, румыниялық Сара Серпаны, хорватиялық Стелла Пресецкиді, сингапурлық Линь Цзяцзюньді және румыниялық Изабела Пастинаны бірдей 3:0 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы Хорватия өкілі Лизетт Фазекашпен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Жания Бекмұхамбетова турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz