3 күн бұрын
Елена Рыбакина US Open алдындағы алғашқы жаттығуын өткізеді
Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионаты алдындағы алғашқы жаттығуының уақытын белгіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рыбакина 27 тамызда Қазақстан уақытымен 20:00-де кортқа шығады. Теннисшінің жаттығуын US Open-нің YouTube арнасынан тікелей көруге болады.
Еске салайық, бұған дейін Цинциннати турнирінің ширек финалында Рыбакина жарақат алып, оның US Open-2026 турниріне қатысуы күмән тудырған еді. Алайда бірнеше күннен кейін қазақстандық теннисші Нью-Йоркке ұшып барып, өзін жақсы сезініп жүргенін және турнирдегі алғашқы матчына дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Біздің серіктес: Sport12kz