2 сағат бұрын
Соболенко US Open-2026 титулын қорғай ала ма?
Бұрын әлемнің төртінші ракеткасы болған британдық теннисші Йоханна Конта әлемдік рейтинг көшін бастап тұрған Арина Соболенко US Open-2026 турнирінде чемпиондық атағын қорғай алмайды деп санайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Контаның пікірінше, Соболенкоға қарсылас теннисшілердің өз күшіне деген сенімі артқан. Сондықтан беларусьтік спортшы матч барысында жиі кездесетін ойынның төмендеу кезеңдерінен бұрынғыдай оңай шыға алмауы мүмкін.
— Менің ойымша, Соболенко жеңіске жетпейді. Қарсыластары қазір оған қарсы өз мүмкіндіктеріне көбірек сенеді. Соболенконың әр матчта ойыны төмендейтін сәттері болады. Бұрын оның мықты қарсылас бейнесі қарсыластарына психологиялық тұрғыда әсер ететін. Алайда Майами турнирінен кейін бұл әсер айтарлықтай бәсеңдеді, — деді Конта.
US Open-2026 турнирінің негізгі кезеңі 30 тамызда басталады. Сол күні Соболенко алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 50-орында тұрған колумбиялық Камила Осориомен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz