Матч орталығы
Челленджер Чжанцзяган Теннис Хироки Мория Хироки Мория 10:40 Бүгін Григорий Ломакин Григорий Ломакин Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 17:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 17:00 Бүгін Тобыл Тобыл Премьер-лига Футбол Челси Челси 18:00 Бүгін Брайтон Брайтон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 18:00 Бүгін Брентфорд Брентфорд Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 18:00 Бүгін Фулхэм Фулхэм Лига 1 Футбол Париж Париж 18:00 Бүгін Ницца Ницца Бундеслига Футбол Фрайбург Фрайбург 18:30 Бүгін Вердер Вердер Эредивизи Футбол Телстар Телстар 19:45 Бүгін Аякс Аякс ЮС Опен мужчины Теннис Дино Прижмич Дино Прижмич 20:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко Ла Лига Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 20:00 Бүгін Малага Малага Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 20:00 Бүгін Астана Астана Лига 1 Футбол Ренн Ренн 20:15 Бүгін Ле Ман Ле Ман Премьер-лига Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 20:30 Бүгін Ипсвич Ипсвич Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 20:30 Бүгін Шальке Шальке Серия А Футбол Наполи Наполи 21:30 Бүгін Комо Комо Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:30 Бүгін Валенсия Валенсия Суперлига Футбол Самсунспор Самсунспор 23:30 Бүгін Фенербахче Фенербахче Лига 1 Футбол Монако Монако 23:45 Бүгін Марсель Марсель Серия А Футбол Кальяри Кальяри 23:45 Бүгін Интер Интер

22 сағат бұрын

Қазақстан кубогы U14: ұлдар арасында плей-офф кезеңінің қатысушылары анықталды

Қазақстан кубогы U14: ұлдар арасында плей-офф кезеңінің қатысушылары анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Шымкентте ұлдар арасында 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Қазақстан кубогының топтық кезеңі аяқталды. Турнирдегі жеңіс үшін сегіз үздік команда күресті жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.

А тобында үш кездесудің барлығында жеңіске жеткен Ақтөбе облысының құрамасы бірінші орын алды. Соңғы турда ақтөбеліктер Қарағанды облысын 2:1 есебімен жеңді. Қарағанды командасы топтық кезеңді екінші орында аяқтады.

B тобында Алматы-1 командасы үш жеңіске қол жеткізіп, бірде-бір командалық кездесуде қарсыластарына есе жіберген жоқ. Екінші орынды Жетісу облысының құрамасы иеленді.

C тобының жеңімпазы Шымкент командасы атанды. Шымкенттіктер де топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтады. Плей-оффтың жоғарғы бөлігіне екінші жолдаманы Астана-2 командасы иеленді.

D тобында Астана-1 командасы бірінші орын алды. Соңғы кездесуде елордалықтар Алматы-2 командасын 2:1 есебімен жеңді. Алматы-2 топта екінші орынға тұрақтады.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік сегіздікке Ақтөбе, Қарағанды және Жетісу облыстарының құрамалары, сондай-ақ Астана-1, Астана-2, Алматы-1, Алматы-2 және Шымкент командалары енді.

1–8-орындар үшін плей-офф жұптары:

Ақтөбе облысы — Астана-2

Алматы-2 — Алматы-1

Шымкент — Жетісу облысы

Қарағанды облысы — Астана-1

9–16-орындар үшін Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Атырау, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының құрамалары күресті жалғастырады.

Қазақстан кубогы U14 турнирінің шешуші кезеңінің матчтары Шымкенттегі «Beeline Arena» корттарында өтіп жатыр. Турнир 29 тамызда аяқталады.



Біздің серіктес: Sport12kz