Матч орталығы

13 сағат бұрын

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирі қарсаңында WTA-ның live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Қазір Елена Рыбакинаның есебінде 7911 ұпай бар. Ол АҚШ ашық чемпионатында былтырғы нәтижесінен 230 ұпайын ғана қорғайды. Сондықтан турнир басталар алдында қазақстандық теннисші live-рейтингте көш бастады.

Қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Собаленко 6585 ұпаймен екінші орында тұр. Беларусь теннисшісі өткен жылы US Open турнирінде чемпион атанған еді. Сол себепті биыл оның қорғайтын ұпайы көп — 1990 ұпай.

Үшінші орында америкалық Джессика Пегула. Оның еншісінде 6495 ұпай.

Осылайша, қазіргі есеп бойынша Елена Рыбакина Собаленкодан 1326 ұпай алда. Алайда бұл рейтинг әлі ресми емес. US Open барысында теннисшілердің нәтижесіне қарай ұпайлар өзгеріп отырады.

Елена Рыбакина Нью-Йорктегі турнирде жартылай финалға шықса, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуі мүмкін.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші US Open-нің алғашқы айналымында америкалық 17 жастағы Тея Фродинмен кездеседі. Фродин әлемдік рейтингте 580-орынға жайғасқан.


Біздің серіктес: Sport12kz