Матч орталығы

32 минут бұрын

Александр Шевченко US Open турнирін жеңіліспен бастады

Александр Шевченко US Open турнирін жеңіліспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында хорватиялық Дино Прижмичке есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Матч бес сетке созылып, 3 сағат 54 минутқа жалғасты. Кездесу қорытындысында Прижмич 2:6, 6:3, 6:3, 5:7, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Шевченко 14 эйс жасап, жеті рет қос қате жіберді және 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Осылайша, Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сында US Open-2026 турнирінде енді Александр Бублик қана қалды. Ол жарыста 15-ші нөмірмен сынға түседі.



Біздің серіктес: Sport12kz