2 күн бұрын

Бублик US Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Бублик US Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізіп, төрт сетте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ATP рейтингінде 16-орында тұрған Бубликтің алғашқы қарсыласы америкалық Джеффри Джон Вульф болды. Қазақстандық теннисші кездесуде 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 15 минутқа созылды.

Осылайша, Вульф турнирдегі жолын аяқтаса, Бублик US Open-нің екінші айналымына өтті. Келесі кезеңде қазақстандық теннисші аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте мен француз Адриан Маннарино арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, US Open-нің ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші 5,5 миллион АҚШ долларын және 2000 рейтингтік ұпайды иеленеді.



Біздің серіктес: Sport12kz