2 күн бұрын
Рыбакина WTA рейтингінде басты қарсыластарын басып озды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирі қарсаңында WTA чемпиондық жарысындағы көшбасшылығын сақтап қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рыбакинаның еншісінде 5492 ұпай бар. Ол рейтингте екінші тұрған беларустық Арина Соболенконы (5185 ұпай) және ресейлік Мирра Андрееваны (5184 ұпай) басып озады.
Үздік бестікте америкалық Джессика Пегула (5045) мен Кори Гауфф (4874) та бар.
Айта кетейік, WTA чемпиондық жарысы маусым қорытындысы бойынша өтетін WTA Finals турниріне қатысатын үздік сегіз теннисшіні анықтайды. 2025 жылы Рыбакина WTA Finals турнирінде алғаш рет чемпион атанған.
Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчы 1 қыркүйекте өтеді. Қазақстандық теннисшінің қарсыласы — әлемдік рейтингте 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық Тея Фродин.
Біздің серіктес: Sport12kz