2 күн бұрын
Жания Бекмұхамбетова Словенияда алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисші Жания Бекмұхамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль иеленді.
Жарыс барысында Жания словениялық Эма Калужаны — 3:0, үндістандық Каавья Саринді — 3:0, сингапурлық Линь Цзяцзюньді — 3:0, хорватиялық Стелла Пресецкиді — 3:0, Ника Грегурецті — 3:0 және Петра Липовшчакты — 3:0 есебімен жеңді.
Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы сингапурлық Хуан Кристалды 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің алтын жүлдесін еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Жания Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль иеленген болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz