2 күн бұрын
14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды
Шымкент қаласындағы «Beeline Arena» корттарында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен Қазақстан кубогі аяқталды.
Ел кубогі жолындағы бәсекеге Қазақстанның барлық өңірінен 16 ерлер және 16 әйелдер командасы қатысты.
Ұлдар арасындағы финалда Ақтөбе облысының командасы Шымкент құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Шешуші кездесуде алдымен Әлбара Оразбай Парвиз Сапаевпен ойнап, үш сет қорытындысы бойынша 2:6, 6:0, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кейін Сырымжан Барлықов Ярослав Бобровты 6:2, 6:0 есебімен ұтты.
Осы нәтижеден кейін Ақтөбе облысының командасы Қазақстан кубогінің алтын жүлдесіне қол жеткізді. Үшінші орын Алматы-1 құрамасына бұйырды. Алматы командасы қола жүлде үшін кездесуде Астана-1-ді 2:1 есебімен жеңді.
Қыздар арасындағы финалда Жетісу облысының құрамасы Шымкент командасынан 2:1 есебімен басым түсіп, кубок иегері атанды.
Алғашқы жекелей сында Айым Қанағатова Айлин Морозды 6:0, 6:1 есебімен ұтты. Екінші матчта Эмилия Старусева Әдемі Әлсейіпұлынан 6:3, 7:6 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді.
Жеңімпазды анықтаған жұптық ойында Айым Қанағатова мен Әдемі Әлсейіпұлы Эмилия Старусева және Түзелбаевадан 6:0, 6:0 есебімен басым түсті.
Осылайша Жетісу облысының жас теннисшілері 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан кубогінде алтын медаль иеленді.
Қыздар арасындағы үшінші орынды Астана-1 командасы жеңіп алды. Елордалықтар қола жүлде үшін кездесуде Қарағанды облысының құрамасынан айласын асырды.
Біздің серіктес: Sport12kz