1 күн бұрын

Елена Рыбакинаның US Open-дегі нәтижелері сынға түсті

Елена Рыбакинаның US Open-дегі нәтижелері сынға түсті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның US Open-дегі көрсеткіші сарапшылар назарын аударды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ubitennis.net басылымы Рыбакина мен америкалық Тея Фродин арасындағы US Open-2026 бірінші айналым матчының алдында қазақстандық теннисшінің турнирдегі нәтижелеріне тоқталды.

Рыбакина бұған дейін Цинциннатидегі турнирдің ширек финалында аяқ жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмаған. Дегенмен теннисші US Open алдында өзін толық сау сезінетінін мәлімдеген.

Сонымен қатар басылым US Open-ді Рыбакинаның мансабындағы «Үлкен дулығаның» ең сәтсіз турнирі деп бағалады. Қазақстандық теннисші Нью-Йорктегі жарыста осыған дейін сегіз жеңіс және алты жеңіліс тіркеген. Ол ешқашан төртінші айналымнан әрі аса алмаған.

Рыбакинаның алғашқы қарсыласы — 17 жастағы америкалық Тея Фродин. Ол US Open-нің негізгі сеткасына wild card арқылы жолдама алған және WTA рейтингінде 580-орында тұр. Фродин бұған дейін WTA деңгейіндегі матчта жеңіске жетпеген.

Рыбакина мен Фродин арасындағы кездесу 1 қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады.



Біздің серіктес: Sport12kz