18 сағат бұрын

Бубликтің US Open-дегі келесі қарсыласы анықталды

Бубликтің US Open-дегі келесі қарсыласы анықталды

Александр Бублик US Open турнирінің екінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы – француз Адриан Маннарино.

Маннарино алғашқы кезеңде Тьяго Агустин Тирантені бес сетте жеңді. Аргентиналықпен болған ойын 4:6, 3:6, 6:3, 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.

Бублик өз кезегінде америкалық Джеффри Вулфтан басым түсті. Ол қарсыласын 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.

Екінші айналымдағы матч 2 қыркүйекте Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Қазір Бублик ATP рейтингінде 16-орында тұр. Оның US Open-дегі ең үздік нәтижесі – 2025 жылғы 1/8 финал.


Біздің серіктес: Sport12kz