17 сағат бұрын

Елена Рыбакина US Open алдында бұрынғы бапкерімен жаттықты

Елена Рыбакина US Open алдында бұрынғы бапкерімен жаттықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирі алдындағы жаттығуын Стефано Вуковтың бақылауымен өткізді.

Хорватиялық маман Елена Рыбакинамен 2024 жылғы US Open алдында жұмысын тоқтатқан. Кейін екеуі қайтадан бірге жұмыс істей бастады.

2025 жылы Стефано Вуковқа WTA тарапынан уақытша шектеу қойылды. Кейін апелляциядан соң оның турнирлерге қайта қатысуына рұқсат берілді. Қазір маман Елена Рыбакинаның жаттығуларына қатысып жүр.

Елена Рыбакина US Open турниріндегі алғашқы матчын америкалық Теа Фродинге қарсы өткізеді. Ойын 1 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина биыл Цинциннати турнирінің ширек финалында тобығынан жарақат алып, Ига Швёнтекке қарсы матчты жалғастыра алмаған еді.


Біздің серіктес: Sport12kz