17 минут бұрын
Қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирінде сенсация жасады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің бірінші айналымында сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
WTA рейтингінде 84-орында тұрған Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 12-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті.
Қазақстандық теннисші үш сетке созылған тартысты матчта қарсыласын 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды.
Осылайша Юлия Путинцева US Open-нің екінші айналымына жолдама алды. Келесі кезеңде ол Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Айта кетейік, Путинцеваның US Open-дегі ең үздік нәтижесі — 2020 жылы ширек финалға шығуы. Биыл турнирдің жалпы жүлде қоры 37 миллион 840 мың долларды құрайды. Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз 5,5 миллион доллар мен 2000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: Sport12kz