1 сағат бұрын

Рыбакина US Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Рыбакина US Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

WTA рейтингінде екінші орында тұрған Рыбакина бірінші айналымда 17 жастағы америкалық Теа Фродинмен (WTA рейтингі — 580-орын) кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте — 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің екінші айналымына жолдама алды.

Айта кетейік, US Open алдында Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде ширек финалға дейін жеткен. Осы кезеңде қазақстандық теннисші жарақатына байланысты польшалық Ига Швентекке (8-орын) қарсы матчты 1:4 есебімен тоқтатуға мәжбүр болған.

Ал Рыбакинаның US Open-дегі өткен жылғы нәтижесі — 1/8 финал.



Біздің серіктес: Sport12kz