42 минут бұрын

Бублик US Open-2026 турниріндегі екінші матчын өткізеді

Бублик US Open-2026 турниріндегі екінші матчын өткізеді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымында француз Адриан Маннариномен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.

ATP рейтингінде 16-орында тұрған Бубликтің матчі Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын онлайн көруге болады.

Александр Бублик US Open турнирін америкалық Джеффри Вулфты (253-орын) 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңуден бастады.

Ал Адриан Маннарино бірінші айналымда аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеге (42-орын) қарсы ойында 0:2 есебімен жеңіліп жатып, матчты 4:6, 3:6, 6:3, 6:3, 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, Бублик пен Маннаринодың US Open-дегі ең үздік нәтижесі — өткен жылы 1/8 финалға шығуы.



Біздің серіктес: Sport12kz