34 минут бұрын
Бублик US Open-да үшінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатындағы екінші кездесуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ATP рейтингінде 16-орында тұрған Бублик екінші айналымда әлемнің 67-ракеткасы, француз Адриан Маннариноға қарсы ойнап, оны үш сетте 6:3, 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық теннисші US Open-ның үшінші айналымына жолдама алды.
Айта кетейік, Бубликтің АҚШ ашық чемпионатындағы ең үздік нәтижесі — өткен жылы 1/8 финалға дейін жетуі.
Биыл турнирдің жүлде қоры 37 миллион 840 мың АҚШ долларын құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 5,5 миллион доллар сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпайға ие болады. Турнирдің басты фавориті — әлемнің екінші ракеткасы, германиялық Александр Зверев.
Біздің серіктес: Sport12kz