2 күн бұрын
Рыбакинаның US Open-дегі екінші матчы қашан?
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 4 қыркүйек, жұма күні АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында испаниялық Джессика Боуас Манейромен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч Астана уақытымен 06:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы қолжетімді болады.
Рыбакина US Open-2026 турнирін америкалық 17 жастағы Тея Фродинді (WTA рейтингінде 580-орын) 6:3, 6:2 есебімен жеңуден бастады.
Биылғы турнирдің жүлде қоры 37,84 миллион долларды құрайды. Чемпион атанған теннисші 5,5 миллион доллар және 2000 рейтингтік ұпай алады.
Рыбакинаның US Open-дегі үздік нәтижесі — өткен жылы 1/8 финалға шығуы. Биыл қазақстандық теннисші турнирде екінші нөмірмен топ жарды. Ал басты фаворит — әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко.
Біздің серіктес: Sport12kz