2 күн бұрын
Өзбекстандық теннисші US Open турнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді
Өзбекстандық теннисші Камилла Рахимова US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына жолдама
25 жастағы спортшы осылайша XXI ғасырда АҚШ ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей сында үшінші айналымға шыққан Өзбекстанның алғашқы өкілі атанды.
Рахимова турнирдегі алғашқы матчында «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы, чехиялық Барбора Крейчикованы 7:6, 6:2 есебімен жеңді. Екінші айналымда Испания атынан өнер көрсететін Оксана Селехметеваны 6:3, 6:0 есебімен ұтты.
Осыған дейін Өзбекстан теннисшілерінің US Open-дегі ең үздік көрсеткіші екінші айналым еді. Бұл нәтижеге әлемдік рейтингте 16-орынға дейін көтерілген Ирода Туляганова 2000, 2001 және 2002 жылдары үш рет қол жеткізген.
Енді Камилла Рахимова US Open-нің үшінші айналымында әлемдік рейтингте 26-орында тұрған америкалық Эмма Наварромен кездеседі.
Айта кетейік, Рахимова 2025 жылдың желтоқсанында Ресей азаматығын Өзбекстанға ауыстырып, жаңа елдің атынан жарыстарға қатыса бастады.
Біздің серіктес: Sport12kz